Қоғам

Аягөздегі алтыбақанға – 60 жыл

Аягөздегі алтыбақанға - 60 жыл


Әр қаланың, әр ауылдың өзіндік бір символы болады. Аягөзде 60 жылдық тарихы бар алтыбақанды білмейтін жан жоқ. Ол қала тұрғындарының ең бір сүйікті орны саналады.

Аягөздің «7 квартал» аймағында талайлардың жас дәурен шағын тербеген алтыбақан қаншама жанның аялы махаббатының куәсі болды. Қаншама жастың осы жерде тіл табысып, бас құруына себепші болды. Оны есептеген арнайы статистика жоқ, әрине. Еліміздің әр түкпірінде жүрген аягөздіктердің сағынып келіп, бас қосатын орнына айналған бұл жер шын мәнісінде, олар үшін қастерлі де қасиетті орын. Ең алғаш кімдердің орнатқаны белгісіз алтыбақанға келушілер, оған отырып тербелушілер бір сәт толастаған емес.

-Бұл алтыбақан біздер үшін тым ыстық,-дейді осы жерде туып-өскен Бейсен Елубаев деген азамат. – Мен 1960 жылы Аягөз қаласында дүниеге келдім. Балалық, жастық шағымыз осы алтыбақанның маңайында өтті. Алтыбақан кейін Ташкент қаласында әскери борышымды өтеп, жоғары оқу орнында білім алып жүрген кездерімде де жадымнан бір сәт өшпеді. Енді қазір менің балаларым мен немерелерім де осы жерге жиі келеді. Бұл алтыбақанда жастық дәуренімнің менімен бірге тербелген шақтары деп білемін.

Қоғамдық формациялар өзгерсе де, сол қалпынан айнымаған алтыбақан өзі тәрбиелеген жандардың қамқорлығының арқасында бүгінгі күнге жетті.

Берікхан Тайжігіт

Аягөз ауданы.

Осы айдарда

Back to top button