Аягөз аббаттандырылып жатыр
Аягөз қаласының жаңа әкімі Жұмағали Дүйсембаев баспасөз мәслихатында қаланы абаттандыру жайында әңгіме қозғады.
-Биыл қала көшелері мен саябақтарға 78 960 түп гүл егу жұмыстары жоспарланған. Көктемнен бастап қала көшелері мен саябақтарға гүл егу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге 8000 түп раушан гүлі мен 30 000 жуық петунья гүлі қала көшелері мен саябақтарға егілді. 809 түп шырша егу жоспарланып, бүгінгі күнде 450 түп шырша егілді. Қалған 359 түп шырша егу жұмыстары күз мезгілінде жалғасын табады. Жоспарға сәйкес 9 660 шаршы метрге газон егілетін болады. Бүгінгі күнде Ақтамберді көшесіне газон егілді, Б.Момышұлы, Х.Дүйсенов көшелерінде бұл жұмысжалғасын табуда. Жалпы қала бойынша 77 410 шаршы метр газон күтіледі,-деді қала әкімі.
Осы уақытқа дейін көшелер бойына және саябақтарға 2 972 түп шынар тал егілді. Бүгінгі күнде екі су тасығыш мәшинемен таңғы 5-тен бастап, белгіленген бағыттармен қала көшелерін жуып өтіп, артынан жұмысшылар бордюрлерді тазалау жұмыстарын жүргізуде.
Бүгінгі күні Аягөзді көріктендіру шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр. Газон, гүл, шырша, талдарды суару және көше жолдарын жуу мақсатында 8000 шаршы текше су тасымалдағыш көлік сатып алынып, күнделікті суару, жуу жұмыстары жүргізілуде. «Алтын адам» саябағында «қалалық үйкомшарқұрылыс» КМК тарапынан субұрқақ орнату жұмыстары басталды. Бұл жұмыс «Абай» және «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» саябақтарында жалғасын табады.
Абай бульварының тротуарына бетон плиталарын (брусчатка) төсеу жұмыстарына «Еңбек-Өскемен» мердігер компаниясымен келісім жасалып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Абай бульвары №21,23 үй аулаларын абаттандыруға 7 452 768 теңге қаражат қарастырылып отыр. Бұл қаражатқа аталған үйлер аулаларына жарық бағандары, бордюр, асфальт төселетін болады. Аталған аулаларда бордюр орнату жұмыстары басталды. Б.Момышұлы, Ә.Тәңірберген көшелеріне бетонды қоршаулар маусым айында орнатылады. Керекті материалдар сатып алынды.
Бақытөмір Шалғынбай,
Берікхан Тайжігіт
Аягөз ауданы.