
Аягөзде жай түскен үйде тұрып жатқан жандар бар. Табиғаттың тосын мінезінен баспанасы қирап қалған тұрғынмен аудан басшысы Сейілбек Ысқақов кездесіп жуық арада мәселені шешетінін жеткізді. Панфилов көшесі, 37 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің бөлмелері жанып кеткен. Бұл туралы аудан әкімдігінің ресми парақшасында жазылған.
-
Алдағы уақытта жергілікті бюджет есебінен баспананы толықтай қалпына келтіреміз. Құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады, – делінген жазбада.