ТОП
Ай мен Марстың түні

Ақпанның 18-інен 19-ына қараған түні Ай мен Марс бір-біріне жақындайды.
Таңғажайып көріністі еліміздің кез келген өңірінен тамашалауға болады. Қолыңызға попкорн аласыз да жайғаса қаласыз. Бұл туралы физика-математика ғылымдарының докторы Виктор Тейфель мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
– “Бұл құбылысты Ай көрінетін барлық аймақтан байқауға болады. Әсіресе, қазақстандықтарға. Ең бастысы ауа райы ашық”, – деді астрофизик.
Оның айтуынша, мұндай құбылыс сирек кездесетін астрономиялық оқиға емес. Бұл құбылыс жақында Юпитер мен Сатурн арасында байқалған еді. Ай мен Марс кешкі уақытта жақындаса бастайды, түн ортасына дейін көріп үлгеріңіз.
Балауса Қожаева