Қоғам

Ауызсу тартып, асфальт төселіп жатыр

Азамат Темірбеков

Халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланған Катонқарағай ауданының басшылығы биыл ауылдарды ауызсумен қамтып, көшелерге асфальт төсеуде.

Бүгінгі күні Шекаралық аймақтарды дамытуға арналған кешенді жоспарға сәйкес, сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Өрел ауылының көшелерін асфальттау жүргізіліп жатыр. Аудан әкімдігінің хабарлауынша,  биыл  жалпы ұзындығы 2040 метрлік төрт көшеге асфальт төселмек.

Сондай-ақ биыл «Өңірлік даму» бағдарламасымен Солоновка, Топқайың, Аршаты ауылдарының тұрғындары ауызсумен қамтылды. Енді мердігер ұйым қазылған жерлерді қайта қалпына келтіріп, үйлеріне су тартамыз деген тұрғындарға қолдау жасалатын болады.

Бұған қоса Үлкен Нарын және Катонқарағай ауылдарында жеке инвесторлардың  қаражаты есебінен «Бір қабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы шеңберінде  бір қабатты 17 тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Осы айдарда

Back to top button