Жұмыспен қамту

Ауылға мамандар қажет

Жуырда Тарбағатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Аққазин, Тарбағатай аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы О.Тұрғазиев аудан әкімдігі жанындағы «Ашық әкімдік» фронт офисінде бос жұмыс орындарының онлайн жәрмеңкесін өткізді.

Мақсаты аудан бойынша жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіби бағыттағы колледж түлектерін, сонымен қатар, NEET санатындағы жастарды жұмысқа орналастыру болып табылады.

Заказ переезда офиса внутри здания или новый офис под ключ https://pereezdy.kz/pereezd-ofisa

Биылғы карантиндік шектеулерге байланысты жәрмеңке дәстүрлі форматта емес, онлайн режимінде болды. Әлеуметтік желідегі «Sho_jastary2021»  instagram  парақшасында тікелей эфирде өткізілген онлайн жәрмеңкеге жұмыс іздеген жандар түсіндірме жазу арқылы сұрақтарын қойып отырды.

Тарбағатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Аққазиннің айтуынша,  ауданға бірқатар мамандар қажет.

  • Біздің ауданда 171 мекеме бар. Бүгінгі таңда өңірге бір информатика, жеті математика, екі физика, төрт химия, жеті орыс тілі, екі ағылшын, бір биология пәндерінің, бір бастауыш сынып оқытушысы керек. Сондай-ақ де үш жалпы тәжірибелік дәрігер, бір балалар дәрігері, бір ренгентолог, бір УЗИ дәрігері, бір психиатор-нарколог, бір логопед, бір дефектолог және бір есепші мамандықтары бойынша жоғары білімді мамандар қажет,-дейді онлайн-жәрмеңке ұйымдастырушылары.

Тікелей эфир барысында  аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы О.Тұрғазиев «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен берілетін грант мөлшері қандай, кім үміткер бола алады, грант алу үшін не істеу керек деген сауалдарға жауап беріп, заңдылықтарын жан-жақты түсіндіріп өтті. Сондай-ақ қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыруға қатысты ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде де ақпарат берді.

    Ерлан Бапанов 

                                             Тарбағатай ауданы.

Осы айдарда

Back to top button