Қоғам

Дәрігерлерге 3 миллион теңге берілуі мүмкін. Не үшін?

Ауылға жұмыс істеуге барған медицина қызметкерлерінің жәрдемақыларын ұлғайту және оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарларып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлемдеді.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда ауылды жерлерде 14 804 медицина қызметкері жұмыс істейді. Салынып жатқан объектілерді ескергенде тағы 3104 маманға қажеттілік бар.

–        Ауылдарда денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстарға қажеттілікті қамтамасыз ету үшін өңірлермен бірлесе отырып бірқатар шаралар қарастырылды. Мысалы, көтерме жәрдемақыларды 100-ден 1000 АЕК-ке дейін арттыру жоспарларып отыр, – деді министр үкімет отырысында.

Яғни көтерме жәрдемақы мөлшері 291 700 теңгеден 2 917 000 теңгеге дейін ұлғаяды. Сондай-ақ медицина қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етіп, жалақысын кезең-кезеңімен 2,5 есеге ұлайту да жоспарда бар.

Осы айдарда

Back to top button