Қоғам
АУЫЛДАРҒА ИНТЕРНЕТ ТАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Жарма ауданының ауылдарына интернет желісі тартылуда.
Қазіргі күні аудандағы Әуезов кенті, Шуақ және Бірлік ауылдарына интернет желісі тартылып жатыр. 2018-2022 жылдарға арналған “Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы бойынша бұл ауылдарға талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылуда.
Аталған бағдарлама бойынша Жарма ауданындағы Аршалы, Қапанбұлақ, Жарма, Үшбиік, Суықбұлақ, Жаңғызтөбе және Шалабай округтеріндегі мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер мен жергілікті әкімдіктер жоғары жылдамдықты интернетке қосылған. Бүгінде Әуезов кенті, Шуақ және Бірлік ауылдарына да кең жолақты интернет тарту жұмыстар жүргізілуде.
Жамал Ермен