Ауылдағы ағайыннан үлгі алса екен

Медициналық маска? Жо-жоқ естімедік. Өңір тұрғындары маска тағуды аса ұнатпайтын секілді. Қанша жерден ескерту жасалып, өкіртіп айыппұл салып жатса да салғырттықтан сабақ алатындар аз. Неге?
Наурыздың 26-сы күні мобильді топ мүшелері кезекті рейд жүргізіп, нәтижесінде аймағымызда 28 ережебұзу фактісін анықтады. Олардың көпшілігі сол баяғы маскалық режимді сақтамау. Мәселен Өскемендегі 310 нысанда талап сақтамаған 12 тұрғын анықталды. Талапқа бағынбағандарға 350 040 теңге айыппұл салынды.
Семей де қалыс қалып тұрған жоқ, тіпті асып түсті. Қоғамдық орындарда 14 ережебұзу фактісі анықталды. 510 475 теңгеге бес хаттама толтырылды. Сондай-ақ жалпы сомасы 87 510 теңге болатын екі айыппұл салынды.
Риддерде 74 нысанда екі тұрғынның маскасыз жүргені анықталып, айыппұл салынды.
Келтірілген мәліметтерге зер салсақ, санитарлық талаптарды бұзу жағдайлары негізінен қалаларда жиі кездесетінін көреміз. Олай болса сақтыққа салғырт қарайтын қалалықтар ауылдағы ағайыннан үлгі алса екен дейміз.
Балауса ҚОЖАЕВА