
Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат пен тағы бір ірі ауыл Ақжарда шағын футбол алаңы мен стрит-воркаут орнатылып жатыр.
– Ауданға қарасты ауылдарда жастардың спортпен айналысуына барынша жағдай жасалуда. Денешынықтыру мен спорттың материалдық базасын нығайту мақсатында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақсуат ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына 850 миллион теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу процесі өткізіліп жатыр. Сонымен қатар Ақсуат пен Ақжар ауылдарында шағын футбол алаңы мен стрит-воркаут орнатуға облыстық бюджеттен 22 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Ал Шеңгелді ауылында тұрғындардың ұйымдастыруымен футбол алаңы салынып, пайдалануға берілді, – дейді аудан әкімі Асхат Смайлов.
Оның айтуы бойынша, Тұғыл ауылындағы денешынықтыру сауықтыру кешенін салуға облыстық спорт басқармасынан салалық қортынды алынды, енді құжат облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына экономикалық қортынды алу үшін жіберілген.