Қоғам

АУЫЛДА ЖАҢА МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында 300 орындық мектеп-лицей салынады. Мектеп құрылысына  облыстық бюджеттен 12,5 млн. теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.

Ақсуаттағы жаңа мектеп құрылысы 2023 жылы басталмақ. 2023 жылы   осы аудандағы Шеңгелді ауылына да 80 орындық мектеп салу жоспарланып отыр. Қазіргі күні  ауданда 3 мектеп, 1 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, білім беру мекемелерін күрделі жөндеу, олардың материалдық-техникалық жағдайларын жақсарту мәселелері шешілуде. Жергілікті, облыстық және республикалық бюджеттерден қажетті жағдайларды жасау мақсатында қаражаттар бөлінуде. 2021 жылға «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 мектеп, 1 балабақшаны күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 692,2 млн. теңге қаржы бөлінген.

Аудандағы жалпы білім беретін 35 орта, 4 негізгі орта, 9 бастауыш мектептерінде 8 792 оқушы білім алуда. Екі саз мектебі, 2 өнер мектебі, 1 қосымша білім беру орталығы, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту және оқыту бойынша 28 балабақша мен 39 шағын орталық жұмыс істейді. Мектеп жасына дейінгі 3-6 жастағы  2 571 бала шағын орталық, балабақшалармен толық қамтылған.

Жамал Ермен

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button