Ауыл шаруашылығын реформалау қажет
Дәурен Аллабергенұлы
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Даниал Ахметов өңірдегі ауыл шаруашылығын дамыту жайлы ойымен бөлісті.
– Ауыл шаруашылығы қазіргіден мүлдем басқаша болуы үшін біз көп нәрсені өзгертуіміз керек. Егер соңғы 20 жылдағы статистикаға мұқият зер салсақ, онда революциялық өзгерісті мүлде көрмейміз. Бұл жағдай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасаған тұжырымдарға сәйкес, біз өз іс-әрекетіміздің парадигмасын өзгертуіміз керек дегенді білдіреді. Менің ойымша, бізде қазіргі уақытта ондаған миллиард субсидия бөліп отырған көп дүниелер тиімсіз, – деді Даниал Ахметов.
Облыс әкімінің айтуынша, әзірге өңірде асыл тұқымды мал сатып алу үшін фермерлерді субсидиялау бағдарламасы жалғасуда. Жыл басынан бері 7,2 млрд. теңгенің субсидиясы төленген, жақын арада тағы 900 млн. теңге бөлінбек.