Қоғам

Ауыл мектебінде банан мен мандарин өсіріп отыр

Абай ауданындағы Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің жылыжайында тропикалық өсімдіктер өсіріледі.

Осыдан бес жыл бұрын мектеп директоры мектептің жылыжайына бірнеше тропикалық өсімдіктерді әкеліп еккен екен.
– Жылыжайдың жалпы ауданы 60 шаршы метрді құрайды. Осы күнге дейін лимон, анар, мандарин өнім берген болатын. Биыл банан өнім берді. Басқа да көкөніс пен жемістердің түрлерін егеміз. Осыған қарап бабын тапсаң, жерімізде кез келген жеміс түрін өсіруге болатынына көз жеткізуге болады. Мектептің биология пәні мұғалімдері мен оқушылары жылыжайға қажетті күтімді жасайды, – дейді мектеп директоры Роллан Рымханұлы.
Мектеп директорының айтуынша, жылыжай ішінде оқушыларға биология пәнінің практикалық сабақтары өткізіліп, гидропоника, яғни өсімдікті топырақсыз өсірудің әдістері үйретіледі.

 

Жасын Қалибек

Осы айдарда

Back to top button