ТОП

Ауыл азаматтары тағы да қолға күрек алды

«Ауылдан халық үдере көшіп жатыр» дейміз, себебі көп, шешімі жоқ мәселе осы. Мемлекетте бөлініп жатқан қыруар қаржының көбі қалаларға қарастырылып жатқандықтан ауылдағы ағайын қолына күрек алып, туған жерді көркейтуге өздері кіріскен. «Хоккей қорабын салды», «Көпір салды», «Ауылдың кіре берісіне қақпа қойды»… деген осындай жаңалықтарды көрсек қазір таңғалмаймыз. Өткен жолы жол жөндеген аягөздіктер жайлы айтсақ, бұл жолы күршімдіктердің еңбегін тілге тиек етпекпіз.


Күршім ауданы, Топтерек ауылының ақсақалдары мен азаматтары ауылдың кіре берісіне қақпа орнатты. Сондай-ақ зират маңын қоршады. Бұл туралы аудан жұртшылығы әлеуметтік желіде жазып жатыр.
Ауыл азаматтары игі бастама мұнымен тоқтамайды деп отыр. Ауызбіршілігі жарасқан ауылдағы жұрт енді жол салуды жоспарлап отырған көрінеді.

Балауса Қожаева

Осы айдарда

Back to top button