Қоғам
Аулалар қоқыстан тазартылып жатыр

Бородулиха ауданында сенбілік белсенді жүргізіліп жатыр.
Аудан орталығына іргелес аумақтар қоқыстан тазартылды. Іс-шараға мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Бұл жұмыс алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.
Красный Яр ауылының волонтерлері Екінші дүниежүзілік соғысқа арналған ескеткіш маңайын қалдықтар мен жапырақтардан толық жинап шықты.
Дәл осы секілді қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыс Петропавловка ауылында да жанданды. Ауыл тұрғындары мен ұйым қызметкерлері тұрғын үйлер мен ғимараттар ауласын абаттандырды.
Тасқын Болатұлы