Қоғам

Аудан тұрғындары облыс орталығына барып әуре болмайды

15 ақпанда Алтай ауданының орталық аудандық ауруханасында ангиографтың жұмысы іске қосылды.

Науқастарға арналған скальпельсіз операцияларды дәрігер- интервент Дамир Жүнишанов жүргізеді. Интервенциялық немесе эндоваскулярлық хирургия – бұл рентгендік эндоваскулярлық әдісті қолдана отырып, «скальпельсіз» араласудың түрі.Орындалған манипуляцияларды визуалды бақылау аудандық ауруханада болатын жоғары технологиялық ангиографиялық жабдықпен қамтамасыз етілген. Енді науқастарға облыс орталығына барудың қажеті жоқ, көптеген операциялар ауданда  жасалады. Операциялардың біріне жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

– Әрине, біз үшін бұл өте қуанышты жаңалық болды. Қазір біз тек Алтай тұрғындары үшін операциялар жүргізіп жатырмыз. Бірақ жақын арада ангиограф толық қуатта жұмыс істей бастайды деп сенемін, – деп түсіндірді аудандық аурухананың бас дәрігері О.Нұркенов.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button