Қоғам
«Аудан орталығы деп айту ұят». Тағы да Күршім

Сәті түсіп Күршімге жол тартсаңыз кез келген көрініске дайын болыңыз. Себебі ауданның жағдайы көңіл көншітпей тұр. Бұл сөзімізге тұрғындардың өкпе-реніші мен арыз-шағымы дәлел.
Мәселен кеше ғана Күршімдегі пабликтардың бірінде мынадай суреттер жарияланды.
- Аудан басшыларынан «Мына сорақы жол жиек тастарын қашан жөндейсіздер» деп сұрағым келеді. Жол жиек тасының дәл осылай орнатылуын бірінші рет көріп тұрмын. Жерге қоя салған екі шетінен цемент. Ұят емес пе! Тұрғындардың төзімділігіне де қайран қаламын, – дейді жазба авторы.
Бұл жазбаға, «Аудан орталығы деп айтуға да ұят қой. Эх, ауылым-ай!», «Құрметті Күршім ауданының сайланған депутаттары, сіздер өздеріңіздің тараптарыңыздан неге мониторинг жасамайсыздар», «Басшыларда осы да жарап тұр, деген түсінік бар» деген не түрлі пікір жазылған.
Кейінгі кездері әлеуметтік желі арқылы аудандағы талай жер жөнделіп жатыр. Өкініштісі сол сорақы жұмыстарға миллондаған қаражат құйылған.
Балауса Мэлсқызы