ТОП

Автоорталықтар қайта іске қосылды

Ержан Әбіш

Автокөлік иелеріне мемлекеттік қызметтер көрсететін облыстағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады. Жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбі-жұма аралығында).

– Автоқызметтер – сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Қазір мамандандырылған ХҚО-лар қайта іске қосылды, біз клиенттердің онда көптеп келетінін болжап отырмыз. Сондықтан бұл жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, – деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы облыс бойынша филиалының баспасөз орталығы.

Айта кету керек, автокөлікті Kaspi және Homebank банктік қосымшалары арқылы қайта рәсімдеуге болады.

Мамандандырылған ХҚО ғимаратына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты клиенттер санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс, әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағуы керек.

Осы айдарда

Back to top button