Қоғам

Автомобиль-конструкторларды заңдастыруға болады

Қазақстанда  автомобиль-конструкторларды заңдастыруға рұқсат етілді. Автоконструкторлар бойынша заңдастыру ағымдағы жылдың 22-мамырынан басталып, 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Облыстық полиция департаменті осындай көліктерді заңдастырудың алгоритмімен бөлісті.

1-қадам:

Онлайн өтінім беру және оны электрондық тіркеу (авто конструкторлардың барлық иелеріне автоматты түрде бас тарту келеді және АХҚКО-да (арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы) ПО қызметкеріне қолда бар құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жіберілетін болады).

2-қадам:

ПО қызметкері қол режимінде көлік құралдары құжаттарының дұрыстығын тексереді және көлік құралдарын критерийлеріне сәйкес келген жағдайда к/қ электрондық мақұлдау парағына енгізеді.

3-қадам:

Өтініш беруші қайтадан онлайн өтінім береді және электрондық мақұлдау парағы бойынша алдын ала тексеруден өтеді және сарапшы-криминалист салыстыру үшін к/қ ұсынумен тексеру пунктіне жіберіледі.

4-қадам:

Салыстырып тексеруден сәтті өткеннен кейін өтініш беруші ХҚКО-ға барлық қажетті құжаттарды, оның ішінде диагностикалық картаны ұсынады және 200 000 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж  бен алым төлейді.

Kolesa.kz сайтындағы тезистерге сенсек, автомобиль-конструктор міндетті түрде жаңа автомобильдің корпусынан, одан ажыратылған  жүріс бөлігі мен қозғалтқыштан құралуы керек. Әдетте, көліктің кузовы елге қосалқы бөлшектер түрінде әкелініп, ескі көлікке қойылатын. Осылайша ескі құжаттармен «жаңа» көлік пайда болды.

Кәмал Естай

 

 

Осы айдарда

Back to top button