Автобуспен де жетуге болады
Маусым айының 8-нен бастап шығысқазақстандықтар мен облыс қонақтары Алтай ауданындағы Көгілдір бұғаз демалыс аймағына Өскеменнен автобуспен қатынай алады. Бұл туралы «ШҚ Облтранском» ЖШС-нен хабарлайды.
Серіктестік таратқан мәліметке сүйенсек, рейстік автобус Көгілдір бұғазға және «Айна» демалыс базасына баратын болады. Жолаушылар көлігі облыс орталығының Мыза көшесінде орналасқан автобекеттен таңғы сағат 8.00-де шығып, Бұқтырма жағасындағы «Айна» демалыс базасынан түскі 14.00-де кері қайтады деп жоспарлануда.
Белгілі болғандай, бір бағыттағы билеттің құны екі мың теңгені құрайды. Ал аптаның демалыс күндері Көгілдір бұғазға барғысы келетіндер ертерек қамданып, билеттерді күні бұрын сатып алғандары жөн, деп ескертеді мамандар.
Бұл жөніндегі толығырақ ақпаратты 8 (7232) 57-53-79, 8 705 542 91 21 телефондары арқылы алуға болатынын да айтқан жөн.
Сәрсен Қабылым