Қоғам

Ауылдарды интернетке қосып жатыр

Ауылдарды интернетке қосып жатыр

Зырян ауданының елді мекендеріне кең жолақты интернет жүргізілетін болды. Ауылдарды ғаламтор желісіне қосу жұмыстары алдағы үш жылда қызу жүргізілмек. Ал аудан орталығында қазірдің өзінде талшықтық-оптикалық байланыс желісі тартылуда.
– Жыл соңына дейін Маяк пен Средигорное ауылдарына дейін талшықтық-оптикалық байланыс желісінің құрылысы жоспарланып отыр. Бұл жұмыс алдағы жылдарда жалғасын тауып, таяудағы үш жылда көптеген ауылдарымыз жоғары жылдамдықты интернетке қосылады, – дейді Зырян ауданы јкімі аппаратының жетекшісі Сергей Винивитин.
Оның айтуынша, жылдамдығы жоғары интернет Березовка, Подорленок, Быков, Парыгино, Тұрғұсын, Жаңа Бұқтырма, Зубовка жјне басқа елді мекендерге тартылмақ.
Зырян қаласында бүгінгі күні жоғары жылдамдықты FTTH желісі орнатылған. Бұл шаһардағы 43 көпқабатты тұрғын үйді сапалы жаһанторға қосуға мүмкіндік береді.
Осы жағымды жаңалықты естіген ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдіріп жатыр. Енді олар ғаламтор желісінің игілігін де көреді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button