Ауылдарды абаттандыруға атсалысты

Ауылдарды абаттандыруға атсалысты
Былтырғы қараша айының ортасында Қарауылда өткен облыс әкімдігінің көшпелі отырысында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев облыстың қала, аудан әкімдеріне ұлылар еліне қамқорлық таныту жөнінде нақты тапсырма берген еді.

Соның нәтижесінде аудан орталығының сәні кіріп қалды. Мұнда Бесқарағай, Жарма, Ұлан және Зайсан аудандарының көмегімен Зере, Көкбай көшелеріне асфальт төселді.

Мұндай қамқорлықтан ауданның басқа елді мекендері де сырт қалған жоқ. Айталық, Күршім ауданы Медеу ауылының негізгі көшелерін жарықтандырса, ал Шемонайха ауданы Кеңгірбай би ауылына шағын футбол алаңын жасақтап берді. Сондай-ақ, Аякөз, Бородулиха, Көкпекті аудандары осы ауылдың Сүндетбай, Шәкерім көшелеріне асфальт төсеттірді. Осындай игі шаруадан облыс орталығы Өскемен мен Зырян қалалары да сырт қалмады.

Сондықтан аталған қала, аудан басшыларына ұлылар елінің атынан зор ризашылық сезімімізді білдіреміз дейді Абай ауданының әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков.

Дәулет Сейсенұлы
Абай ауданы.

Осы айдарда

Back to top button