Аймақтар аухалы

Ауылдарда жаңа үйлер салынып жатыр

 Азамат Темірбеков

 Биыл Ұлан ауданында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамту мақсатында екі пәтерлі 22 тұрғын үй салынып жатыр.

Облыс әкімінің қолдауымен аудан аумағында қолға алынған «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасының жүргізіліп келе жатқанына екінші жылдың жүзі болды. Аталған бағдарламаның арқасында осыған дейін 48 ұландық отбасы баспаналы болып, қоныстойларын тойлаған болатын. Биыл да осы дәстүр жалғасын тауып, өткен аптада тағы 12 көпбалалы отбасы тұрғын үйге қол жеткізді.

Былтыр, көпбалалы отбасыларды және кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Ұлан ауданында жалпы сомасы 331,040 мың теңгеге екі пәтерлі 12 тұрғын үй, яғни 24 пәтер салынса, оның бесеуі аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінде, төртеуі Таврия, үшеуі Бозанбайда бой көтерді. Ал биыл халықтың аталмыш санаттарына жататын отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жалпы сомасы 585,363,2 мың теңгеге 22 екі пәтерлі тұрғын үй, яғни 44 пәтер тұрғызылды. Оның ішінде тоғызы Қасым Қайсенов кентінде, екеуі Таврия, екеуі Мамай Батыр, үшеуі Сағыр, ал алтауы Герасимовка ауылында  салынды.

Бұдан бөлек, биыл Қасым Қайсенов кентінде кредиттік тұрғын үй құрылысы жалғасын тапты. Осы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аудан орталығында 80 пәтер, оның ішінде көпбалалы отбасылар мен халықтың басқа да топтары үшін «Бақытты Отбасы» бағдарламасы бойынша  берілетін  болады. Пәтерлер халықтың әлеуметтік осал топтарына және көпбалалы отбасыларына кезек бойынша бөлінеді.

 

Осы айдарда

Back to top button