Қоғам

Ауыл мұғалімі жүлдегер атанды

Ауыл  мұғалімі жүлдегер атанды

Семейде қол күресі мен гіртасын көтеруден Қазақстан Кубогы үшін жарыс болды. Ерлер мен әйелдер арасында өткен дүбірлі додада гіртасын көтеруден облыс намысын қорғаған Ұлан ауданы, Герасимовка орта мектебінің денешынықтыру пәні мұғалімі Сұлтан Амантай қола жүлдегер атанды.
Ел Кубогы үшін өткен жарысқа Шығыс Қазақстан, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ, Қарағанды, Астана, Алматы, Павлодар, Қостанай қалаларынан ұзын саны 200-ден астам спортшы қатысты.
Осы сайыста 73 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз 32 келілік гірді 81 рет серпе, 111 рет жұлқа көтеріп, үшінші орынды иеленді.
– Қуаныштымын. Ауылдан барып үлкен жарыстан жүлдемен оралу мен үшін мәртебе. Қолдау білдіріп, ақ жол тілеп шығарып салған барша жанкүйерлерге, оның ішінде Герасимовка мектебінің директоры Дархан Маушановқа ерекше алғыс айтамын, – дейді Сұлтан Амантай.
Сонымен қатар, Семейдегі бәсекеде облыс құрамасы сапында ерлер арасында сынға түскен Нұржан Ибраев күміс медаль еншілесе, Ерзат Сақабанов қола жүлдеге қол жеткізді.

Серік Әбілхан

Осы айдарда

Back to top button