COVID-19 

АУРУХАНАҒА  ОТТЕГІ  СТАНЦИЯСЫН ОРНАТТЫ

Шемонайха ауданының әкімі Григорий Акулов аудандық ауруханада короновируспен ауырғандарды емдеуге қажетті дәрі-дәрмектер мен құрал-жабдықтардың  екі айға жетерлік қоры бар екендігін айтты. Аудандық ауруханаға осы аудандағы «Востокцветмет» ЖШС 12 миллион теңгеге оттегін бөлу станциясын орнатып берген.

Пандемия басталғаннан бері Шемонайха ауданында  379 тұрғын  коронавирус жұқтырған. Олардың 210-ы симптомды белгілері бар науқастар.

Арудың жаңа толқынына дайындық барысында аудандық ауруханаға   барлық бөлімдерге оттегін беретін орталықтандырылған   жүйе орнатылған. Өнеркәсіптік станцияның өнімділігі – минутына 30 литр. Сегіз шлюз орнатылып, 20 төсектік буферлік аймақ дайындалған. Облыстық бюджет қаржысымен бес ИВЛ (өкпені жасанды желдету), алты оттегі концентраттары құралдары мен жедел жәрдем көлігі сатылып алынған. Ауданға демеушілік көрсетушілердің қаржысына 1 млн. 200 мың теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізілген. Аудан әкімі Григорий Акулов аудандық ауруханада коронавируспен ауырғандарды емдеуге қажетті дәрі-дәрмектің  екі айға жетерлік қоры бар екендігін айтты.

Ауданда  30 төсектік жеке тұрған инфекциялық бөлім, интенсивті терапия палаталары дайындалған. Усть-Таловка кентіндегі дәрігерлік амбулаториядан 50 төсектік қосымша  екінші инфекциялық бөлім ашылған, бөлімде екі интенсивті терапия палатасы    бар. Жергілікті бюджеттен бөлінген 4,8 млн. теңгеге әр палатаға кислород желісі тартылып, 800 мың теңгеге дәрі-дәрмек алынған.

Аудандық ауруханаға оттегін бөлу станциясын «Востокцветмет» ЖШС 12 миллион теңгеге орнатып берген.

Ауданның Выдриха ауылындағы  «Уба» санаторийі  9 қазаннан  бері тұрғындардан ПТР тест алып тексеретін карантиндік стационар ретінде жарақтандырылып, жұмыс істеп жатыр. «Уба» шекаралық  автокөлік бекеті арқылы транзитпен шекарадан әрі-бері өтетін Ресейдің, басқа да елдердің тұрғындары осы жерден тексеріліп, өткізіліп жатыр. Бір ай көлемінде  837 азамат  тексеруден өткен.

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button