ӨзектіТОП

Ауру жұқтырғандар аудандардан да шығып жатыр

Облыста бүгінгі ақпарат бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 16 адам анықталды. Өкініштісі, қауіпті індетті жұқтырғандар Өскемен мен Семейден бөлек аудандардан да шығып жатыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сәйкес 5 науқас – Семей қаласынан болса, 4-і – Жарма, 3-і – Үржар, 2-і – Бородулиха және екі науқас – Шемонаиха ауданының тұрғындары.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 13 науқастан зертханалық талдаулар бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде, 1 науқас әйел адамнан шет елден (РФ) келген тұлға ретінде, ЖРВИ белгілерімен түскен 1 науқастан мониторинг жасау кезінде және 1 науқастан скринингтік тексеру барысында алынған.
Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Байланыста болған адамдарды эпидемиологиялық тексеру және медициналық тексеру жүргізу үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде. Эпидемиологиялық тергеу және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 135 адам тіркелді.

Дәурен Аллабергенұлы

Осы айдарда

Back to top button