Қоғам

Ауған соғысының ардагерімен жүздесті

2023 жылдың 20 ақпанында «Естелік» облыстық патриоттық марафоны аясында Өскемен қаласының №29 мектеп-орталығының базасында әскер жасындағы жастар арасында отставкадағы подполковник Қазақстан Республикасы қарулы күштері, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымының төрағасы Фролов Олег Геннадьевичпен кездесу өтті.

Кездесу Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай (1989 жылы 15 ақпан) ұйымдастырылды.

 

Кездесудің мақсаты – әскер жасындағы жастарды әскери-патриоттыққа тәрбиелеу, Қазақстан тарихына қатысты сезімдерін нығайту, қазақстандық ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету, өскелең ұрпақ арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Шараға Өскемен қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарының 300-ге жуық оқушысы қатысты.

Олег Геннадьевич Фролов өз сөзінде еліміздің тұрақты дамуының кепілі – өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу маңызды екенін атап өтті. Кездесу барысында Ауғанстандағы соғыс туралы бейнефильмдерден үзінділер, үгіт-насихат тобы мен оқушылардың шығармашылық ұжымдарының өнері көрсетілді.

Еліміздің ерлікке толы өткен жолын есте сақтау және оны мақтан ету – заманауи қазақстандық қоғамның басты міндеттерінің бірі, халқымызды біріктіретін және болашақа деген сенімімізді нығайта түсетін алтын арқау!

DIDAR ақпарат

Осы айдарда

Back to top button