Экономика

Аудандық бөлімдер қайта жаңғырады

Облысымыздың сәулет және қала құрылысы саласында оң өзгерістер мен жағымды жаңалықтар жетерлік. Соның бірі – бір кездері аудандар мен қалалар әкімдіктерінің қысқарып қалған бөлімдерінің қайта ашылуы деуге болады.

Аудандық бөлімдер қайта жаңғырадыСоңғы жылдардағы құрылыс жұмыс-тарының қарқын алуы сәулет және қала құрылысы бөлімдерін қайта қалпына келтірудің қажеттігін анық байқатқан болатын.

– Облыс Әкімі Бердібек САПАРБА-ЕВТЫҢ қолдауының арқасында ағымдағы жылдың екінші жартысынан бастап осы бөлімдер қайтадан ашыла бастады. Бөлімдер әуелі Зайсан, Тарбағатай, Зырян аудандарында құрылды, – дейді осы орайда облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Аманбай Нұркенов.

Аудандық, қалалық бөлімдердің ашылуымен бірге елді мекендердің бас жоспарларын жасап, бекіту жұмыстары да жандана түсіпті. Қазір облысымызда төрт қаланың және он шақты аудан орталығының бас жоспарлары бекітілген болса, ағымдағы жылдың аяғына дейін Аягөз, Зайсан қалалары мен Қалбатау ауылының, ал 2013 жылы Көкпекті, 2015 жылы Зырян қаласының жаңа бас жоспарлары бекітілмек.

Еркінбек Асқарұлы

Осы айдарда

Back to top button