БілімТОП

Аудандағы білім ордаларына басшылар керек

Аудан мектептеріне білікті мамандар қажет.

ШҚО білім басқармасы аудандардағы мемлекеттік орта білім беру және мектепке дейінгі мекемелері басшыларының бос лауазымына конкурс жариялады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

ШҚО білім басқармасының мәліметінше Глубокое ауданындағы 3 мектепке, Зайсандағы Айнабұлақ ауылының балабақшасына, Катонқарағайдағы 3 мектепке, Күршімдегі 8 мектепке, Риддердегі 4 мектепке, Самар ауданындағы «№ 1 Самар орта мектебіне», Тарбағатай бойынша 5 білім ордасына, Ұлан ауданында 2 мектепке және Шемонаихадағы 5 мектепке білікті басшылар керек.

Үміткерлерге қойылатын талаптарды ШҚО білім басқармасының сайтынан алуға болады.

Ынтымақ Толқын

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button