Сайлау-2022

Ауданда медицина саласына айрықша көңіл бөлінген

Бүгін сайлау учаскесіне келіп дауыс берген Тарбағатай аудандық ауруханасының бас дәрігері Елжан Манарбеков аудан үшін денсаулық саласына айрықша ден қойылып отырғанын жеткізді.

– 2021 жылы Ақжар ауылының Мәдениет үйінде Парламент депутаты Ерлан Саиров халықпен кездесу өткізгенде микрофон алып Тарбағатай ауданының медицинасын одан әрі орнықты дамыту үшін жасалған стратегиялық жоспарланған негізгі төрт мәселені айтып берген едім. Олар: Ақжар ауруханасының ішкі-сыртқы су құбырлары, жылу жүйесі, кәріз жүйесін күрделі жөндеу; ауруханаға КТ (компьютерлік томография) алу. Ауруханамызға оттегі станциясын қою; Ауылдағы жедел-жәрдем бөлімінің орталықтануынан туындаған мәселелерді шешу. Аталған мәселелердің оң шешім табуы үшін тиісті орындармен бірлесе отырып керекті құжаттар дер кезінде дайындалып, негіздемелі хаттар жазылып, жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде бір жылдың ішінде осы төрт мәселенің де шешімі табылды деп айтуға болады. – деп атап өткен Елжан Манарбеков әрбір қазақстандықтың бүгінгі саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасауы еліміздің болашағына таңдау жасауы деп біледі.

Оның ойынша, ел азаматтары Отанымыздың келешегіне бейжай қарамауы керек. Бүгінге дейінгі әр салада қол жеткізген жетістіктердің еселенуі ертеңгі күнге жасалған дұрыс таңдауға байланысты екені даусыз.

Ерлан Бапанов

Тарбағатай ауданы

Осы айдарда

Back to top button