Қоғам

Атымызды дұрыс жазуға атсалысайық

Тілге деген құрметіңді аты-жөніңді дұрыс жазудан бастау керек. Осындай бастаманы негізге алған Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 19 сәуір мен 19 мамыр аралығында «Ата тек – ұлттық негізіміз» атты айлық жариялады.
Алты құрлықтағы ұлт өкілдерін бір-бірінен айыра танудың ең қарапайым жолы – аты мен ұлтына қарап тану. Сондықтан ата-тегіңді қатесіз жазу – ана тілге деген құрмет, ұлт алдындағы парызым деп білген абзал. Ел Президентiнiң «Ұлты қазақ азаматтардың тегi мен әкесiнiң атын жазуға байланысты мәселелердi шешу тәртiбi туралы» 1996 жылғы 2 ақпандағы №2923 Жарлығы негізінде ұлты қазақ азаматтарының тегі мен әкесінің атын қазақша жазу тәжірибесін қазақ халқының қалыптасқан тарихи дәстүрлеріне сәйкес келтіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді айлық барысында мамандар қолға алмақ.
Тегіміз түзеліп, тіліміз жөнделсін десек, айлыққа атсалысайық. Өзге жұрт есіміңе қарап еліңді танысын десең, атымызды дұрыс жазуға атсалысайық.

Алтай Ғали-Асқар

Осы айдарда

Back to top button