Қоғам
Атом көлінен балық аулайды

Атом көлі Шаған өзенінің жағасында 1965 жылғы жойқын жарылыстың салдарынан пайда болған. Семейден шамамен 100 шақырым қашықта, полигон жарылысы болған әйгілі Абыралы өңірінде. Сынақ жүргізгендер халыққа ауыл шаруашылығы мақсатында көл жасаймыз деп жалған ақпарат берген.
Бүгінде жергілікті тұрғындар суға қармақ салып, балық аулайды. Балықшылар онда сазан көп деседі.
Көлдің диаметрі – 500 метр, тереңдігі – 90 метр. Онда әлі де радиация бар.
Мамандардың айтуы бойынша, бұл аймақтағы жарылыс қуаты Жапонияның Хиросимасына тасталған атом бомбасынан тоғыз есе көп. Дүмпудің қатты болғаны сондай, тонна тартатын тастарды 8-9 шақырымға дейін ұшырған.
Әзірлеген – Жасын Қалибек