Қоғам

Ақтөбеден үш медаль әкелді

Ақтөбеден үш медаль әкелді

Ақтөбе қаласында үстел теннисінен 1998 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Республиканың тоғыз өңірінен 18 команда бақ сынаған дүбірлі бәсекеде облыс спортшылары үш медаль олжалады.
Жалпы саны 150 спортшы қатысқан айтулы жарыста Шығыс Қазақстан командасының сапында Өскемен, Семей қалаларының және Көкпекті ауданының өкілдері өнер көрсетті.
Тартысты ойындар нәтижесінде өңіріміздің қыздар құрама командасы: Гүлсара Қапанова, Екатерина Вишневская, Анастасия Кузнецова, Маргарита Цихлер үшінші орынды иеленді.
Жұптасып ойнауда қарағандылық Татьяна Коротковамен иық тірестіріп өнер көрсеткен өскемендік Маргарита Цихлер қола жүлдегер атанды.
Ал жекелей сында семейлік Сергей Коновалов 2000 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында күміс медаль иеленді.
Облыс құрама командасының жасөспірім ұлдары арасында семейлік Сағынтай Құрмамбаев болашағынан үлкен үміт күттірген ойыншы деп танылды. Ол жекелей сайыстың негізгі финалдық кезеңінде 12-орынға табан тіреді.
Ел чемпионатынан жүлделі оралған спортшыларымызды бұл жарысқа білікті жаттықтырушылар С.Литвинов, О.Архипова, А.Пономаренко, Б.Шайхин баптағанын айта кету керек.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button