Қоғам

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау басталды

 Облыста  атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындау үшін құжаттарды қабылдау басталды. Өтініш берушілерге дер кезінде әрі кезең-кезеңмен қызмет көрсету және кезектің болмауын қамтамасыз ету мақсатында Өскемен, Семей қалаларында құжаттар бекітілген кесте бойынша,ал аудандарда ауылдық округтердің кезегі бойынша қабылданады.

Жұмысты осылайша ұйымдастыру өтініш берушілерге сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік бермек. АӘК алушылардан өтініш пен тиісті  құжаттардың тізімі талап етіледі. Сонымен қатар тұрғылықты жерінде алты айдан кем емес мерзімде уақытша немесе тұрақты тіркелуі тиіс. Қазіргі таңда құжаттарды қабылдау облыстың барлық  19 қала мен аудандарында жүріп жатыр.

-АӘК биылдан бастап өтініш берген айдан бастап, үш айға тағайындалады, күні маңызды емес. Мысалы, егер құжаттар ақпан айының соңында өткізілсе де, көмек ақпанның бірінен бастап екі айға, ақпан мен наурызға бірден есептеледі.Жұмыспен қамту орталықтарының фойелерінде құжаттарды қабылдау кестесі ілінген, сондай-ақ алушыларға қоңырау шалып, щақырамыз. Кезек жоқ, штатты режимде жұмыс істеп жатырмыз, – дейді Өскемен қалалық жұмыспен қамту орталығы басшысының міндетін атқарушы Кәмшат Баубекова.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудағы өзгерістерге қысқаша тоқталды.

Басшының түсіндіруінше, 2020 жылдан бастап АӘК тоқсан сайын, жан басына шаққандағы орташа кіріс пен кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде отбасының барлық мүшелеріне төленеді.

Сонымен қатар АӘК алатын аз қамтылған отбасылардың 1-6 және 6-18 жас аралығындағы балалары үшін екі түрлі кепілдендірілген әлеуметтік пакет тағайындалады. Оған азық-түлік, тұрмыстық химия заттары (гигиеналық құралдар), мектеп формасы мен мектептегі ыстық ас, мектепке қажетті оқу құралдары, қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру кіреді.

-Жаңа ережелерге сәйкес, егер отбасының жұмысқа қабілетті мүшелері жұмысқа тұру шараларынан бас тартса, онда отбасының барлық мүшелері атаулы әлеуметтік көмектен алты ай бойы қағылады. Отбасының  жұмысқа қабілетті мүшесі әлеуметтік келісімнің шарттарын бұзған жағдайда да АӘК беру тоқтатылады. Төрт және одан да көп кәмелет жасына толмаған, сонымен қатар күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа толмаған балалары бар отбасылар олардың кіріс деңгейіне қарамастан, арнайы мемлекеттік жәрдемақыны ала бастады. Олар айына әр балаға10500 теңге алады. Өңірдегі 12 мыңнан астам көпбалалы отбасыға осындай жәрдемақы тағайындалды, – деп атап өттіЖасұлан Сәрсебаев.

Бұл мемлекеттік жәрдемақы кіріс ретінде екінші тоқсаннан бастап есептелетін болады.

Шығысқазақстандықтарға қолайлы болу үшін барлық қалалар мен аудандарда 2020 жылы тағайындалатын АӘК мәселелері бойынша Call-орталықтары жұмыс істейді:

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы – 87054047134

Өскемен– 8(7232) 48-90-23, 8(7232) 48-90-26

Семей – 8(7222) 360985

Риддер – 87086313603

Аягөз ауданы  – 87477951065, 8 (72237) 35427

Абайауданы – 8(72252) 91443

Бесқарағайауданы – 87223690185

Жарма ауданы – 87234761770

Катонқарағайауданы – 87234121439

Глубокоеауданы – 87057951933

Үржарауданы – 87086569201

Алтай ауданы– 87073642691

Ұланауданы – 87055291017

Күршім ауданы – 87778805820

Зайсанауданы– 87025735393

Курчатов – 8(72251)34277

Бородулиха ауданы – 8(72351)21230

Шемонайхаауданы– 8(72332)91512

Көкпектіауданы – 8(72348)22540

Тарбағатайауданы – 8(72346)21218, +77025856869.

Айна Ескенқызы

Осы айдарда

Back to top button