ҚоғамТОП

Атақты «Айсұлу» операсын тамашалаймыз

Атақты «Айсұлу» операсын тамашалаймыз

 

Биыл көрнекті композитор Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл. Қазақ музыка театры тарихындағы тұңғыш «Айсұлу» атты комедия операсын композитор осыдан тура 60 жыл бұрын жазған.

 

Композитордың 100 жылдығына орай Наурыз мейрамының қарсаңында Өскемен қаласындағы «Ертіс концерттің» көрермендер залында «Айсұлу» операсының концерттік қойылымының премьерасы өтеді.

 

«Айсұлу» операсының алғашқы премьерасы 1964 жылы Абай атындағы мемлекеттік опера және балет  театрында өткен. Содан бері қаншама жылдар бойы сахна төрінен түспей келе жатқан қойылымды бұл жолы облыс тұрғындары тамашаламақ.

 

– Мен бұл қойылымға арнайы шақырумен келіп, қатысып жатырмын. Қойылымда «Серкенің» рөлін сомдаймын. Өте тамаша қойылым. Комедиялық опера Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығына орай көрерменге жол тартқалы отыр. Барша Өскемен тұрғындарын қойылымды тамашалауға шақырамын, – дейді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық концерваториясының студенті Данияр Айтқожанов.

 

Операны қоюға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің симфониялық оркестрі, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің студенттік хоры, «Ертіс концерт» КМК солистері мен арнайы шақырылған солистер қатысады.

 

Қойылым Наурыз мерекесі қарсаңында көрермен назарына ұсынылады.

 

Қызырбек ДҮРГІНБАЙҰЛЫ

Осы айдарда

Back to top button