Қоғам
Қасым Қайсеновке ескерткіш қойылады

Асубұлақ кентінде Халық Қаһарманы, жазушы Қасым Қайсеновке ескерткіш қойылады. Жуықта салтанатты жағдайда партизан жерлесімізге арналған ескеркіштің іргетасы құйылды.
Атап өтер жайт, батыр мүсіні кенттегі орта мектеп ғимаратының алдындағы алаңқайға орын тебеді. Ескерткіш іргетасының құйылуына байланысты өткен салтанатты шараға жергілікті тыл ардагерлері, мектеп оқушылары мен кент тұрғындары қатысты.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Р.Мамырбаева мен Асубұлақ кенті ардагерлер кеңесінің төрайымы Н.Савельева құттықтау сөз сөйлеп, ескерткіш қазығын қақты.
Тәрбиелік маңызға толы игі шара соңы мерекелік концертке ұласты.
Нұржан Кенжеұлы