Астаналық студенттер өңірлерге келіп тәжірибеден өтті

Ағымдағы жылы «Қазцинк» компаниясының құрылымдарында Назарбаев университетінің магистранттары үшін тәжірибеден өту бағдарламасы бастау алды. Өздерінің тау-кен ісі саласындағы білімдерін тәжірибе барысында нығайта түсу үшін, еліміздегі жетекші жоғары оқу орнының 20 студенті Көкшетауға, Риддерге және Зырянға келді.
Себебі, студенттер тәжірибе барысында жинақталған білім сапалы әрі маңыздырақ екенін жасырмайды.
Назарбаев университеті құқық бойынша еліміздегі ең беделді оқу орны болып саналады. ЖОО студенттері әлемдік ғылыми орталықтармен және атақты университеттермен әріптестік аясында әзірленген бағдарламалар бойынша оқуды ағылшын тілінде өтеді. Назарбаев университетінде инженерияны, денсаулық сақтауды, бизнесті, білімді, мемлекеттік саясатты және өзге бағыттарды қосқанда сегіз мектеп бар (басқаша айтқанда факультеттер).
«KazzincHoldings» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Никола Попович Назарбаев университетіндегі тау-кен ісі және жер туралы ғылым мектебі жанындағы Индустриялдық кеңестің мүшесі. ЖОО-мен тығыз әріптестік еңбек біліктілігі нарығындағы аса қажетті мамандар даярлауға көмектеспек.
– Бүгінде анық байқалып отырған нарықтағы мамандар тапшылығы салалық кәсіпорындарды да айналып өтпейді. Аталған мәселені демографиялық тұрғыдан қарастыру қажет. Біздің кәсіпорындарда асы ұлғайып қалған біршама қызметкер жұмыс істейді. Олар тәжірибелі әрі кәсібиліктерімен ерекшеленсе де, цифрлық технологияларды нашар меңгерген немесе мүлдем меңгермеген. Екінші бір маңызды мәселе – әзірге соншалықты терең тәжірибелік білім мен қажетті машықты меңгермеген жас жұмысшылар болып отыр, – деп атап өткен болатын өзінің бір сұхбатында Никола Попович.
Еліміздің білім беру жүйесін жаңғырту қажеттігін өзінің қазан айындағы Жолдауында Елбасыда айтқан болатын. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, түлектердің жұмысқа орналасуына үлкен көңіл бөліп, сапасын арттыру қажет. Президент ЖОО-ларды ірілендіру саясатын жүргізуді, нарықта тек сапалы білім беруді қамтамасыз ете алатындарын ғана қалтыруды, сондай-ақ Назарбаев университеті үлгісінде тағы бір ЖОО құру керектігін тапсырды.
– Президент қазіргі мәселелер туралы және оларды шешудің жолдарын ашық айтып, көрсете отырып, маңызды басымдықтарды алға тартты. Сонымен бірге Жолдаудағы жекелеген тақырыптар не толығымен біздің компанияға, немесе «Қазцинктің» әрбір жеке жұмысшысына қатысты болды, – дейді «Қазцинк» ЖШС-нің әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев. – Біз және біз сияқты жұмыс берушілер үшін Жолдаудың маңызды тұсы білім беру жүйесін жаңғырту жайы болды. Мамандықтар тізімін және ЖОО-лар саны мен сапасын реттеуді ұсынған мемлекет бастамасын біз белсенді қолдаймыз. Сапалы қызметкерлер даярлау ірі компаниялар үшін де, ЖОО-лар үшін де маңызды екендігіне бек сенімдімін. Барлық жастар техникалық мамандық алып шығуы үшін өзгерістер қажет. Сөздің реті келгенде айтар болсақ, білім беру стандарттарын бағдарлау туралы Елбасы айтқандай, бұл үдеріске белсенді қатысып келеміз, соның ішінде Назарбаев университетімен де тығыз әріптестік орнаттық. «Қазцинк» ЖШС Президент жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің оқыту бағдарламаларын жетілдіру және даярлау бойынша комиссиясына кіреді.
Назарбаев университетінде расталғандай, «Қазцинктегі» тәжірибенің алғашқы бағдарламасына қатысушылардың бірқатары өздерінің кәсіби болашағын компаниямен байланыстыруға шешім қабылдаған.
– Әріптестік аса пайдалы және нәтижелі болып шықты. Сала көшбасшыларымен бірлескен осындай жобалар кенші мамандығының беделін айтарлықтай жоғары деңгейге көтереді. Сонымен бірге біздің ЖОО еліміздің барлық өңіріндегі қабілетті талапкерлердің қызығушылығын арттырмақ. Келешектегі жас мамандарда заманауи өндірісті көздерімен көру мүмкіндігі бар. Біз студенттерге алған білімдерін қайда қолдануға болатындығын көре алатын нақты мансап жолын көрсеткіміз келеді. Біз үшін студенттерді өндіріске жіберіп қана қоймай, олардың үлкен, берекелі ұжымда бірге жүріп тәжірибе мен білім жиғаны айтарлықтай маңызды. «Қазцинкте» көрген ашықтық пен бірге жұмыс істеуге деген құлшыныстары бізді таңғалдырды, – дейді «Тау-кен ісі» бағдарламасының үйлестірушісі Данияр Малғаждар.

Әсіресе, ЖОО-ның өкілдері өздерін Қазцинктегілердің өз ісіне мұқият беріліп жұмыс істейтіндіктері қызықтырғанын айтады. Тәжірибеден өткен бір жарым айдың ішінде магистранттар тәлімгерлеріне бауыр басып та үлгерген.
– Мен Оралдан келдім, Риддерде бірінші рет болдым, – дейді бағдарлама қатысушысы Айтолқын Язитова. – Маған бәрінен бұрын әдемі табиғат пен ақ жарқын адамдары қатты ұнады. Мені «Қазцинк-Шахтастрой» ӨК маркшейдерлік бөліміндегі Анастасия Кузнецоваға бекітті. Анастасия Владимировна маған бәрін түсіндірді, менің барлық сұрақтарыма жауап берді. Әр жолы мені өзімен бірге шахтаға ертіп апарып, маркшейдердің жұмысын көрсетіп, құралдарын көрсетті. Бөлімдегілердің барлығына, сонымен бірге тәлімгеріме менің өндірістік тәжірибемді қызықты әрі ұмытылмастай етіп ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. «Қазцинк» – бұл үздік ұжым және үздік компания!
Азамат Асхатұлы