Қоғам

Астанада Шығыс Қазақстанның күндері басталды

 Астанада Шығыс Қазақстанның күндері басталды

Бүгін Астанада ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының күндері өтіп жатыр. Осыған орай кеше Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар бастаған шығысқазақстандық делегация өкілдері брифинг өткізді.

 Астанада Шығыс Қазақстанның күндері басталды

Брифинг барысында облыс әкімінің орынбасары 8 қазан күні ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, мәдени, спорттық шаралар туралы баяндады.
-Жәрмеңкеде елорда тұрғындарына 300 тоннаға жуық түрлі ауыл шаруашылық өнімдері ұсынылатын болады. Жәрмеңкеге Шығыстан 42 тонна жылқы, 8 тонна құс еті, 10 тонна сүт өнімдері, 7 тонна шұжық және консерві өнімдері, 40 тонна бал, 10 тонна өсімдік майы, 6 тонна қарамұқ пен осынша тонна қымыз, 8 тонна ұлттық тағамдар, 107 тонна картоп пен көкөністер, 55 тонна бақша дақылдары, 11 тонна балық, 2 тонна панты өнімдері мен балқарағай жаңғақтарын әкелдік, – деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

(Облыстың Астанадағы күндері туралы толық материалды газетіміздің келесі нөмірінен оқитын боласыздар)

Айна Ескенқызы

Осы айдарда

Back to top button