Сайлау-2023ТОП
АСК желіні шулатқан жағдайға қатысты түсінік берді
Әлеуметтік желілерде Өскемендегі сайлау учаскелерінде «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Заңның нормалары бұзылғаны жөнінде ақпарат тараған. Ол жерде белгісіз адамдардың бірнеше рет дауыс бергені айтылған. Бұл туралы аумақтық сайлау комиссиясы ресми түсінік берді.
– Өскемен қаласының аумақтық сайлау комиссиясы атынан қазіргі уақытта сайлау процесіне қатысушылардан төмен тұрған учаскелік сайлау комиссияларының әрекеттеріне ресми өтініштер мен шағымдар түспегенін хабарлаймыз. Өтініштер келіп түскен кезде осы дәлелдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралатын болады. – деді Өскемен қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Шерубаев.
Didar ақпарат