Қоғам

Ашуды шығару да ақылы

Бәрінен шаршадыңыз ба? Әлде біреуге ашулысыз ба? Ішіңізде біреуге айта алмай жүрген әңгімеңіз бар ма? Не болса да, ішіңіздегі  дүлей «аңды» сыртқа шығарғаныңыз абзал. Қалай дейсіз бе? Өскеменде алғаш рет «ашуды шығару бөлмесі» ашылды.

 Мамандардың айтуынша, мұндай бөлме  барлық дамыған елде бар көрінеді. Ашуды сыртқа шығару бөлмесі – бұл да бір өзінше терапия.  Күйзелістен шығуға, өткенді ұмытып, бәрін жаңа парақтан бастауға көмектесетін көрінеді. Бұл бөлмеге кірген адамға айқайлауға,  бақырып жылауға, ұруға, сындыруға, жыртуға рұқсат. Алдыңыздағы маникенді сізді ренжіткен адам деп елестетіп, өшіңізді  алуға болады. Бұдан бөлек, сізге психолог, тән терапиясы бойынша мамандар кеңес беруге даяр. Сөйтіп жылдар бойы ішіңізге жиналған жағымсыз эмоцияларды сыртқа шығару арқылы жеңілдеп қаласыз. Әрине, бұл бөлме тегін емес, ақылы екенін ескерткіміз келеді. Локациясына байланысты бағасы да әртүрлі. Он бес мың, жиырма мың, отыз мың теңге деп кете береді.

Ал ақша төлегіңіз келмесе, айдалаға барып бар дауысыңызбен айқалап-айқалап қайтудан   басқа амал жоқ.

Мейрам Екпін

Осы айдарда

Back to top button