Экономика

Асфальт-бетон да, кірпіш те өндіреді

Катонқарағай ауданында жаңа кәсіпорындар іске қосылып, эко-номиканың дамуына септігін тигізіп жатыр.

Асфальт-бетон да, кірпіш те өндіредіНығмет Шаухин басқаратын «Нарын» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Үлкен Нарын ауылында асфальт-бетон зауытын салып, іске қосты. Соның нәтижесінде ауылды көркейту жұмыстарының ауқымы бұрынғыдан да арта түсті. Қазіргі уақытта көшелерді жөндеп, асфальт, жиектас және тақташалар төсеу және басқа да жұмыстарды іске асыру кезінде осы кәсіпорынның шығарған материалдары қолданылып жатыр.

Бұған қоса осы ауылда бұл кәсіпорын өзінің кірпіш зауытының тұсауын кесті. Енді аудандағы жеке тұрғын үйлерін салатын азаматтар да құрылысқа қажетті материалдарды алыстан тасымалдамайтын болды.

Былтыр «Нарын» КМК ұжымы Үлкен Нарын ауылындағы 129 тұрғын үйді орталықтандырылған су жүйесіне қосты. Биыл Назыров көшесіндегі тұрғын үйдің бір жақ бөлігіндегі иесіз қалған алты пәтерді күрделі жөндеуден өткізіп, кәсіпорынның пәтер кезегінде тұрған жұмысшыларына пайдалануға берді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button