Экономика

Қарыз иелері жарықсыз қалмақ

«Шығысэнерготрейд» ЖШС электр қуатына қарыз тұтынушылардың жарықтарын жаппай сөндіруді бастады. Мұндай қадамға энергетиктер 1,8 миллиард теңге көлемінде жиналып қалған борышты қайтару үшін барып отырған көрінеді.

Қарыз иелері жарықсыз қалмақАталған компания өкілдерінің айтуынша, төленбеген қарыздың көптігі соншалық, ол сома облыс орталығы тұрғындарының өткен бір жылдық тұтынуына пара-пар келсе, Күршім немесе Жаңа Бұқтырма ауылдары үшін бұл 35 жыл үздіксіз электрмен қамтуға жеткілікті.

Бұған дейін энергетиктер өңірдегі қатты аязға байланысты қуат көзін өшірмеген. Борышкерлер де олардың бұл әрекетіне босаңси қалған сияқты. Енді күннің жылынуымен бірге жарықтың өшірілуі де басталды.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button