Қоғам

Арыстан жүрек дала шайыры

Биыл жерлесіміз Дулат Бабатайұлының 220 жылдығына арналған үлкен ғылыми конференция Нұр-Сұлтан қаласында өткен болатын. Оны жерлесіміз, Л.Гумилов атындағы Евразия Ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, дулаттанушы Серікзат  Дүйсенғазин ұйымдастырды.

Аталмыш  конференцияға аудан әкімінің орынбасары Нұрлан  Көпжасаров, аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер Нұрлан  Тоқтабаев  және осы жолдардың авторы барып қайтқан едік.

Сонымен, бұл жолғы халықаралық конференция маңызы жағынан ерекше болды. Лев Гумилев атындағы университеттің  конференц залына  дулаттанушы ғалымдар, зерттеушілер,  әдебиетшілер жиналды.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің құттықтауынан кейін Америка Құрама Штатынан жерлесіміз, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин ұлы Абайдың ұстазы болған, қазақ халқының тәуелсіздік жыршысы Дулат Бабатайұлы туралы тұжырымды тілек-сөзін жеткізді.

Одан кейін ҰҒА академигі Бауыржан Омаров «Дулат Бабатайұлы және зар заман поэзиясындағы образдар жүйесі», С.Сейфуллин мұражайының директоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,  жерлесіміз Несіпбек Айтов «Арыстан жүрек дала шайыры», осы университеттің профессоры Шәкір Ыбыраев «Дулат Бабатайұлының қазақ әдебиеті тарихындағы орны», осы университеттің профессоры Тұрсын Жұртбай “Шортанбай, Дулатпенен Бұхар жырау (Абайдың “Біреудің кісісі өлсе қаралы ол”) өлеңі хақында” атты тақырыпта және басқалар баяндамалар жасады.

Пікір-тілек алмасуға арналған дөңгелек үстел басында көптеген құнды мәселелер талқыланды. Дулат бабамызға Нұр-Сұлтан қаласынан бір үлкен мектеп аты беріліп, бұрынғы шағын көше үлкен көшемен ауыстырылатын болды.

Бақытөмір Шалғынбай

Аягөз ауданы.

Осы айдарда

Back to top button