Археологтар Александрия, Рим кітапханаларына барады

Шығыс Қазақстанда археологиялық жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соңғы 5 жыл ішінде 26 мыңнан астам артефактілерді тауып, музей қорын толықтырған.
– Археология саласында белсенді жұмыс істеп келеміз. Бұл жұмыстардың барлығы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылып жатыр. Ұлыбританияның зерттеушілерінің өзі біздің жәдігерлерді зерттеп, көріп: «3 мың жыл бұрын бұл мекенде өмір сүрген адамдар неткен білімді, шебер болған. Ат үстінде жүріп, металлургия ісін де білген» деп таңғалды. Сондықтан, геология, металлургия процесін білген ата-бабаларымызбен мақтануымыз керек. Өте үлкен қуаныш, мақтаныш, – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов өткен жылдың есебін беру барысында.
Сонымен қатар, биылғы жыл қосымша 220 млн. теңге бөлінетінін айтты.
– Біз биыл жұмыс тобын құрамыз. Жас археологтарды Александрия, Рим кітапханалдарына жібереміз. Ол жақта қазақ елі туралы не жазылғанын барып, зерттеп, қазақ тарихының жаңа бетін ашуымыз керек. Бұл тұрғыда өңірдегі екі университетпен байланыс нығайтамыз, – деді әкім.
Бұл жұмыстарды бес жыдан бері археолог, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев пен археолог, профессор Әбдеш Төлеубаев жүргізіп келеді.
Алтай Ғали-Асқар