Қоғам

Қаруыңды тапсырсаң, қаржыға кенелесің

Елімізде ішкі істер органдарында тіркелмеген қару-жарақ, оқ-дәрілерді мемлекетке ерікті түрде қайтару акциясы басталғалы 10 күннен асты. Бұл жолы заңсыз қару тапсырғандар қылмыстық жауапкершіліктен де, әкімшілік жазадан да босатылады.

Қаруыңды тапсырсаң, қаржыға кенелесіңХалықтың қолындағы есепке алынбаған қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттарды полиция органдары қабылдап, жазаға тартқанның орнына керісінше ақша төлейді. Акция басталғаннан бері Семейде жалпы сомасы 1,5 миллион теңгенің қару-жарағы тапсырылыпты.

Семей қалалық ІІБ лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің аға инспекторы С.Тұрлыбековтың айтуынша, 21 адам тіркелмеген қару-жарақтарын тапсырды. Әзірге қала тұрғындарынан жиналған қару саны – 27. Тегіс ұңғылы мылтық үшін мемлекеттен 30 айлық есептік көрсеткіш, ал иір ұңғылы қаруға 50 айлық есептік көрсеткіш, автоматты қару үшін 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 160 мың теңге шамасында ақша төленеді. Бұл акция наурыздың соңына дейін жалғасады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button