Экономика

Артық ақша қайда кетіп жатыр?

Банк депозиттеріне салынған қаражатты облыстың әрбір тұрғынына шаққанда 113 мың теңгеден айналады. «Ranking.kz» агенттігінің алға тартқан дерегі осындай.

Артық ақша қайда кетіп жатыр?Агенттіктің ақпаратына сүйенсек, біздің өңір бұл мәселеде, яғни, депозитке салынған ақшаның көлемі жағынан Алматы және Астана қалаларынан, сондай-ақ, Қарағанды облысынан кейінгі төртінші орында.

Биылғы алғашқы жартыжылдықта шығысқазақстандықтардың депозиттерге орналастырған қаржысы шамамен 158,5 миллион теңгені құрапты. Соған қарағанда, адамдар табыс тауып қана қоймай, тапқан ақшаны қалай еселеуге болатынын да жақсы меңгерген секілді.

Айта кетейік, бір қазақстандық тұрғынға шаққандағы депозиттің орташа үлесі 185 мың теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button