Арналарды аршып жатыр

Қарағандыдан көмекке келген арнайы жасақ жұмысқа кірісті. Облыстағы кейбір ауданда қарғын судан қауіп күтілуде.
Төтенше жағдайлар министрінің нұсқауына сәйкес, Шығысқа Қарағанды облысы №52859 әскери бөлімінен арнайы құралдармен қамтамасыз етілген жауынгерлер келген болатын. Топ қазіргі уақытта Көкпекті ауданы Самар ауылында және Алтай ауданында су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізуде.
Құрамында 50 адам бар жеке құрам жергілікті атқарушы органдарға және халыққа қарды тазалау, арықтар мен су өткізу арналарын тазалау бойынша белсенді көмек көрсетуде.
Әскерилер Алтай ауданы Вторушенский каналында қалыңдығы 1,5 метр болатын мұзды кесіп, 60 метр су өткізу құбырлары мен 400 метр су бұру арналарын тазартты. Жеке тұрғын үй секторының аула аумақтары қардан тазартылып, инертті материалы бар 100 қап төселді. Бұқтырма және Хамир өзендеріндегі су деңгейіне мониторинг жүргізуге де жұмылдырылды.
Көкпекті ауданында «Мариногорка – Жумба» автожолының бойында су арналарын қар мен мұздан тазартты.
Жасын Қалибек
Шартты сурет