Қоғам

АРДАГЕРЛЕРГЕ ЖАРЫҚТЫҢ АҚШАСЫН ТӨЛЕП БЕРДІ

«АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС  облыстағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне электр қуатының ақшасын төледі. Аталмыш акция «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының және «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің қатысуымен өткізілді.

Бүгінде облысымызда Ұлы Отан соғысының 160 ардагері тұрады, олардың арасында әскери іс-қимылдарға қатысушылар, концлагерьлердің бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындары, сондай-ақ блокадалық Ленинград тұрғындары бар.

Ведомствоаралық есептеу орталығынан алынған ардагерлер тізімі «Шығысэнерготрейд» ЖШС-де электр қуатын есепке алу дерекқорындағы дербес шоттармен салыстырыла отырып, осы шоттар бойынша әр ардагерге Өскемен ГЭС-інен 7500 теңге көлемінде ақшалай қаражат түсті. Бұл сома энергия тұтыну мөлшерін 600 кВт*сағаттан артық жабады.

Акция бойынша электр қуаты үшін төлем есептелген барлық ардагерлердің тегін Өскемен ГЭС сайтынан анықтауға болады. Өтемақы сомасы түбіртектерде артық төлем ретінде көрсетіледі. Қандай да бір қосымша құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button