Қоғам

Ардагерлер кеңесі азық-түлік бағасына алаңдайды

Газетіміздің өткен сандарының бі-рінде облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері Өскемен қаласының бірнеше сауда орындарында рейд жүргізіп, азық-түлік өнімдерінің бағаларымен танысқандығы жөнінде жазылған болатын. Араға он күн салып ардагерлер ке-ңесі тағы бір мәрте бағалар мониторин-гін жүргізді.

Ардагерлер кеңесі азық-түлік бағасына алаңдайдыКеңес мүшелері бірнеше топқа бөлініп, БАҚ өкілдерімен сауда орындарын аралауға шықты. Сол сауда орындарының бірі «Даниел» супермаркетіндегі азық-түліктің 33 түрінің бағаларымен лечение наркомании. танысуда облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Төлеген Исабаев жол бастады.

«Даниел» супермаркетіндегі бағалар жалпы алғанда өткен жолғы рейд қоры-тындысымен салыстырғанда тұрақты. Сиыр етінің бағасы 1250 теңгеден 1700 теңге аралығында, қой етінің бағасы 1050 теңгеден басталады.

Пастерленген 2,5 пайыздық «Восток-молоко» ЖШС-нің 1 литр сүті 170 теңге болса, «Багратион» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 1 литр сүті 150 теңге көлемінде. Бұл бағалар «Жәрдем» муниципалды базарымен салыстырғанда біраз қымбат екендігін байқауға болады. Сондай-ақ, өткен рейд қорытындысы бойынша «Багратион» ЖШС-нің 2,5 пайыздық сүтінің бағасы 147 теңге болатын. Демек, он күн аралығында 3 теңгеге өскен.
Ал көкөніс бағасы өткен жолғыдай, бір келі картоп бағасы – 70, сарымсақ – 62, қызылша – 70, қырыққабат – 53 теңге.

Таңсық асқа айналған қарақұмықтың 700 грамдық қаптамадағы бағасы «Даниелде» 235 теңгеден басталады.

1-сұрыпты (500гр) әлеуметтік нанның бағасы мұнда 40 теңге. Өткен рейдте келісі 180 теңге болған қанттың бағасы бүгінде бұл сауда орнында 182 теңге болып тұр.

Бұл рейдтен түйгеніміз, азық-түліктің бағасы тұрақты болғанымен, жоғары. Ал облыстық ардагерлер кеңесі болса бағалар мониторингін жасауды жалғастыра бермек.

Лаура Тілеубайқызы

Осы айдарда

Back to top button