Қоғам

Ардагерді құттықтады

Жасы жүзге тақаған риддерлік соғыс ардагері Павел Альбохтың ерлігі мен еңбегі – жастарға үлгі-өнеге. Аймақ басшысы Даниал Ахметов майдангердің үйіне барып, Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.

Ардагер 1941 жылғы қарашада әскерге шақырылып, Сызрань авиациялық байланыс училищесіне жөнелтілген. Оны бітіргеннен кейін 1943 жылы сержант атағымен 565-ші шабуылдаушы авиациялық полкіне жіберіліп, ұшақтардағы байланыс радиожабдығының механигі болады. Ол – «Отан соғысы» орденінің, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарының иегері.

– Соғыстан кейін Павел Прокофьевич құрылыс саласында жұмыс істеп, Риддерді салуға атсалысты. Оның ерлігі мен батылдығы – жас ұрпаққа өнеге, мақтаныш. Себебі қазірдің өзінде 98 жастағы ардагер өмірсүйгіштіктің, нағыз патриотизмнің, рух мықтылығының жарқын үлгісі болып отыр, – дейді облыс әкімі.

 Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button